"Утиль алымы үшін көршілерімізден ұтылып жатырмыз"

861

Мемлекет басшысы үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

"Утиль алымы үшін көршілерімізден ұтылып жатырмыз"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүк көлік иелерінің көкейінде жүрген мәселе – утиль алымына қатысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бүгінде бизнестің автомобильдерге, бірінші кезекте жартылай тіркемелі көліктерге салынатын утиль алымын қайта қарау туралы шағым көп. Бір жүк тартқыш үшін утиль алымы орташа есеппен 1 млн теңге. Жүк тасымалдаушылар үшін утиль алымы айтарлықтай жүк болып отыр. Бұл автопарктің жаңаруына кері әсер етуде", – деді Президент. 

Салдарынан Қазақстан халықаралық жүк тасымалы нарығындағы көрші елдерден артта қалуда. Тіпті соңғы 4 жылда отандық тасымалдаушылардың сыртқы нарықтағы үлесі 1,5 есе қысқарған.

"Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Белаурь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта орнын жоғалтуда. Көршілерімізден ұтылып жатырмыз деген сөз. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 еседен астам қысқарған. Сондықтан, Үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру, оның ішінде утильалым бойынша ұсыныс дайындау керек", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу