Утилизация алымы айтарлықтай азайтылады

1300

Қазақстанда кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі төмендетіледі. Мұны үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Утилизация алымы айтарлықтай азайтылады

"Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан кәдеге жарату алымының ставкаларын айтарлықтай азайту қарастырылып жатыр", – деді Смайылов.

Ол сондай-ақ ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға, қалдықтар мен су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіруге, көлдерді қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жалғасатынын сендірді.

Сондай-ақ сарқынды суларды ағызу көлемін азайту, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды азайту және стихиялық қоқыс тастайтын жерлердің санын азайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу