Утилизациялық алым: Үкімет басшысы тапсырма берді

1469

Премьер-министр Әлихан Смайылов утилизациялық алым мәселесін реттеу үшін Экология, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Утилизациялық алым: Үкімет басшысы тапсырма берді

"Біріншіден утилизациялық алым мәселесі бойынша Экология министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, нақты іске асыру механизмдері мен тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын", – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Екіншіден, ол Энергетика министрлігіне бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнай өнімдері нарығын реттеу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

"Үшіншіден, бюджетке қосымша кіріс көзінің бірі – бензин өндірушілер мен делдалдарға арналған акциздер болуы тиіс. Энергетика министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірге бір аптаның ішінде тиісті есептер жасап, ортақ ұсыныстар енгізуді тапсырамын", – деді Үкімет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу