Қазақстан астық одағының төрағасы Нұрлан Оспанов агроөнеркәсіптік кешен қауымдастықтары альянсы мен "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы арасында өткен отырыс кезінде утилизациялық алымды жоюды ұсынды.
"Техникаға салынатын баж салығын, басқа да алым-салықтарды 5-10 жылға алып тастау арқылы ескірген машина-тракторлар паркін жаңарту қарқынын 40%-ға арттыруға болады. Ауыл шаруашылығы техникасына салынатын утилизациялық алым арқылы мемлекеттік қолдауды бір саладан екінші салаға бөлуді де тоқтату керек. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың жалпы жылдық көлемі 287 млрд теңгені құрайды, ал утилизациялық алым бойынша фермерлерден түсетін төлемдердің жалпы көлемі 56 млрд теңге немесе ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. Бірінші кезекте утилизациялық алымды алып тастау қажет немесе техника құнынан есептелетін 10-30% орнына тиімді 0,5%-дан аспайтын мөлшерлеме белгілеу керек", – деп атап айтты астық одағының төрағасы.
Нұржан Көшкін