Утилизациялық алымнан қанша ақша түсті?

977

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев соңғы 5 жылда утилизациялық алымнан қанша ақша түскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.    

Утилизациялық алымнан қанша ақша түсті?

"2016 жылы және 2021 жылғы қыркүйекке дейін көлік өндірушілерден, импорттаушылардан 614 млрд 488 млн теңге көлемінде утилизациялық алым түсті. Биыл 172 млн теңге көлемінде утилизациялық алым түсті", – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Серікқали Брекешев соңғы 5 жылда отандық көлік өндірушілерге өндірісті ынталандыру, ауыл шаруашылығын жасауға 295 млрд 586 млн теңге бөлінгенін атап өтіп, утилизациялық алымнан түскен қаржы қандай салаларға бөлінгеніне тоқталды.

"Қалған қаржы Қазақстанда өндірілген көліктермен немесе ауыл шаруашылығы техникасының өндірушілер ұсынған жеңілдіктерді қаржыландыруға жұмсалды. Сондай-ақ 20 млрд 187 млн теңге ескі көліктерді сатып алуға жұмсалды. Бұл қаржы сертификат түрінде отандық автокөлікті сатып алуға берілді. Автобөлшектерді кәдеге жаратуға 3 млрд 384 млн теңге, қаптама қалдықтарын кәдеге жаратуға 7 млрд 266 млн теңге, электр қалдықтарын кәдеге жаратуға шамамен 500 млн теңге бөлінді", – деді басшы.

Сонымен қатар ол істен шыққан көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын кәдеге жаратуға 29 млрд 183 млн теңге жұмсалғанын айтты.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу