UWW үздік балуандар тізімін тағы бір түзіп шыққан, деп жазады Olympic.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіде белдесетін Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионатының күмісінен соң рейтингте үшінші орынға көтерілді.
"Классиктердің" тағы бір өкілі Айдос Сұлтанғали 60 келіде тоғызыншы орынға тұрақтаған. 92 келідегі Мақсат Ережепов рейтингтің жетінші орынында.
Әйелдер күресінен 55 келідегі Марина Седнева үшінші орынға көтерілсе, еркін күрестен 57 келідегі Нұрислам Санаев алғашқы төрттікке енген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу