UWW күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионатының өтетінін ресми хабарлады

529

Ал күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы биылғы әлем чемпионаты өткізілмейді.

UWW күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионатының өтетінін ресми хабарлады

Біріккен күрес әлемінің атқарушы комитеті 2020 жылдың 12-20 желтоқсан күндерінде Сербияның Белград қаласында күрестен ересектер арасында әлем чемпионатын өткізетінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Комитет чемпионатқа 70%-дан астам ұлттық федерациялардың қатысуға ниетті екенін және де 6 қарашада UWW өкілдері пандемия кезінде лицензиялық доданы өткізудің жолдарын қарастыру мақсатында онлайн жиын жоспарлағанын айтқан. 

"Біз желтоқсанда турнир өтеді деп сенеміз, оптимистік көзқараспен қараймыз. Біздің спортшылардың, жаттықтырушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі  –  бұл біздің басты міндетіміз. Сондықтан біз Белградта болуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданатын боламыз", – деді Біріккен Дүниежүзілік Күрестің (UWW) Президенті Ненад Лалович.

Сондай-ақ атқарушы комитет күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы биылғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін хабарлады. Мұндай шешім ұлттық федерациялардың қатысушылардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізгеннен соң қабылданған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу