UWW Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді

585

UWW 2021 жылы спортшылардың азаматтық ауыстыруына шектеу қойды.   

UWW Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің қашан өтетінін ресми түрде мәлімдеді

Біріккен күрес әлемі (UWW) коронавирус індетінің қарқын алып, Токио Олимпиадасының ауыстырылуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

UWW шешімі бойынша, Олимпиадаға іріктеу турнирлері 2020 жылы жоспарланған мерзім бойынша 2021 жылға ауыстыырылды. Ұйымдастырушылар мен жарысты қабылдайтын мемлекеттер сол күйінде қалды. 

30 маусымға дейін UWW жоспарлаған барлық чемпионаттар кейінге ауыстырылады. Нақты шешімді ұйымдастырушылар, техникалық комиссия және спорт департаменті қабылдайды. 

30 маусымға дейін барлық халықаралық турнир өткізілмейді. Жылдың жарыс кестесі қайтадан қаралып, қайтадан түзіледі. Сондай-ақ, UWW барлық ұлттық федерацияларды вирустан сақтану үшін ішкі чемпионаттарды өткізбеуге шақырды. 

UWW 2021 жылы спортшылардың азаматтық ауыстыруына шектеу қойды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу