"Ұялмай сыйлайтын ғимарат": Шымкент қаласының Абай облысына тартуы белгілі болды

Жобаның құны кемі 2 миллиард теңге болады деп жоспарланған.  

"Ұялмай сыйлайтын ғимарат": Шымкент қаласының Абай облысына тартуы белгілі болды Фото: Абай облысының әкімдігі

Осылайша, Шымкент қаласы Абай облысына өнер мектебін салып беру туралы міндеттеме алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұндай ақпаратты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеп отыр. 

Оның сөзінше, болашақта бой көтеретін өнер мектебінің жалпы аумағы – 4500-5000 шаршы метр. Ол Абай еліндегі сәулеті келіскен ғимараттар қатарын толықтыра түспек. 

– "Абай облысына өнер мектебін салып береміз" деген міндеттеме алдық. Қазіргі уақытта Абай облысының тиісті басқармалары жер телімін анықтау және қаулы шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жер телімі нақтыланған сәттен бастап құрылыс жұмыстарына кірісеміз. Бұл Абай еліне, жұртына ұялмай сыйлайтын ғимарат болады, – деп қоса кетті Сәрсен Құранбек. 

Бұған дейін Қызылорда облысында қайтарылған активтер есебінен 7 миллиард теңгеге медициналық нысандар салынатыны туралы жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу