"Ұялмайсыңдар ма": Кегенде әкім орынбасары жол салушыларға қатаң ескерту жасады

705

Шенеунік жұмысшыларға автокөлік жолының сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. 

"Ұялмайсыңдар ма": Кегенде әкім орынбасары жол салушыларға қатаң ескерту жасады Фото: inbusiness.kz

Алматы облысы, Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаев республикалық маңызы бар Көкпек-Кеген-Түп жолын жөндеп жатқан жұмысшыларға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудан әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісінде сапасыз жөнделіп жатқан жолдың видеосы жарияланды. Кадрдан Кеген ауданы әкімінің орынбасары Медет Исаевтың төселген асфальттың астын күрекпен аршып жатқанын көруге болады. 

Аудан әкімінің орынбасары республикалық маңызы бар Көкпек-Кеген-Түп автокөлік жолының 53-68 км аралығындағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, мердігер компанияның өкіліне қатаң ескерту жасап, автокөлік жолының сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Алматы облысының әкімдігі аталған жол учаскесіне байланысты ертең баспасөз туры ұйымдастырылатынын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу