Ұялы байланыс қарызға кірсеңіз де қызмет көрсетеді – министр

1222

Төтенше жағдай кезінде интернет кімдер үшін тегін болады?

Ұялы байланыс қарызға кірсеңіз де қызмет көрсетеді – министр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде елді тегін интернетпен қамту шараларына тоқталды.

"Президент төтенше жағдай режимі кезінде мобильді байланыс пен интернетке қолжетімділікті кеңейтуді тапсырды. Әсіресе білім беру ресурстары мен әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге қолжетімілдік арттырылмақ. Төтенше жағдай кезінде тіпті  байланыс үшін берешек пайда болған күннің өзінде  қызмет көрсетіледі. Ал барлық қазақстандықтар үшін  интернет ресурстар тегін болады", – деген Дәурен Абаев тегін интернет кімдерге ұсынылатынын атады

"Бұл қалай жұмыс істейді? Келешекте интернет ақысы қалай алынады? Төтенше жағдай кезінде байланыс операторлары эпидемиологиялық жағдайды ушықтырмауға тартылған медициналық қызметкерлерге тегін интернет пен байланыс пакетін ұсынып отыр. Адамдарды  вирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін тегін SMS  арқылы хабарландыру, халыққа 1406 нөміріне тегін хабарласу қызметтері тегін беріледі. Қашықтан қызмет көрсету үшін карантинге жабылған шағын және орта бизнеске, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары қашықтан бақылау үшін  жеңілдетілген қызмет көрсету кезеңі ұсынылады. Білім және ғылым министрілігі бекіткен меморандум бойынша негізгі білім беру ресурстарына тегін трафик ұсыну, жоғары оқу орындарының білім беру ресурстары мен сайттарына, электронды деректер қорына, онлайн-күнделік пен электронды білім беру порталдарына  тарифсіз қолжетімділік беріледі", – деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу