Ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін

Қазіргі кезде екі оператор ғана ұялы байланыс қызметтерін ұсынуда.  

Ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін Фото: stan.kz

Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен ұялы байланыс операторлары интернет тарифтерін неге көтеріп жатқанын сұрады.

"Бәскелестік орта әділ тарифтер мен сапала интернетті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан министрлік құзырлы орган ретінде тиісті заңдарды даярлауы керек. Яғни депутаттармен талқылап, сол заңдарды қабылдау маңызды болып тұр. Осы орайда әділетті тариф болатынына сенемін", - деді Бағдаи Мусин.

Айта кететіні, қазіргі кезде екі оператор ғана ұялы байланыс қызметтерін ұсынып отыр.

"Біздің нарыққа басқа да операторларды кіргізу керек. Сондықтан Үкімет басшысының деңгейінде бұл мәселені талқылып, "Қазақтелеком" мен "Самұрық-Қазынаға" тиісті іс-шараларды пысықтауды талап етіп отырмыз. Бір операторды "Қазақтелекомның" ішінен шығарып, нарықтық ортада басқа бизнесмендерге беру керек. Олар бұл бағытта жұмыс істеп, 2023 жылдың басында өтетін комиссия отырысында осы жұмыстар туралы баяндайды", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу