Ұялы байланыс операторлары күдікке ілінді: тарифтерді көтеру бойынша тексеріледі

214

Монополияға қарсы комитет қазақстандық ұялы байланыс операторларының тарифтерді белгілеуде алдын ала сөз байласуы мүмкіндігіне қатысты тексеруді бастады.  

Ұялы байланыс операторлары күдікке ілінді: тарифтерді көтеру бойынша тексеріледі Фото: shutterstock.com

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты LS-ке сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта біз жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп, сөз байласу фактісін тексеріп жатырмыз. Сонымен қатар, нарықта монополиялық жоғары тарифтерді белгілейтін оператор болуы мүмкін. Сол операторға қатысты жеке тергеу басталуы ықтимал",  деді Сәмбетов.

Монополияға қарсы органдар бағаның көтерілу негізділігін немесе жосықсыз бәсекеге қатыстылығын анықтау үшін жағдайды талдауды бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу