Ұялы байланыс операторларына салықтық жеңілдіктер қарастырылуда

1110

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев  ұялы байланыс операторлары төлейтін салықты төмендетуді ұсынды.

Ұялы байланыс операторларына салықтық жеңілдіктер қарастырылуда Фото: inform.kz

"Қазіргі кезде республикалық бюджеттік комиссия, экономика министрлігі, қаржы министрлігі ұялы байланыс операторлары радиожиілік үшін төлейтін салық көлемін төмендетуді қолдайды",– деді Асқар Жұмағалиев.

Салықтық жеңілдіктер 4200 елдімекенді кең жолақты интернетпен қамтитын ұялы байланыс операторларына беріледі. Сонымен қатар министр, жуырда заңға өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар парламентте қаралатынын айтты.

"Бүгінде радиожиілікке көп шығын шығатындықтан сіздер қолдайсыздар деп үміттенемін. Жалпы әлемде бұған байланысты субсидиялар, кей жағдайда жеңілдіктер қарастырылған. Біз салықтық жеңілдіктерді таңдадық",– деді министр.

Сондай-ақ министрлік 2020-2022 жылдары ұялы байланыстың LTE және басқада желісі арқылы 3,1 мың ауылды кең жолақты интернетпен қамтуды жоспарлауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу