Ұялы телефон арқылы төлем жасауға тыйым салынды

720

Қаржы министрі Қазақстандағы барлық ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақшамен немесе банк карталарымен не бақылау-кассалық машиналар арқылы жүргізілуін көздейтін бұйрыққа қол қойды.  

Ұялы телефон арқылы төлем жасауға тыйым салынды Фото: Shutterstock/FOTODOM

Осындай заңнамалық шараға қарамастан, дүкендер, жеке клиникалар мен сауда орталықтары әлі күнге дейін есептесудің басқа амалдарын қолданып келеді, деп хабарлайды іnbusiness.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейбір сауда нүктелерінде клиент ұялы телефон арқылы төлем жасағысы келмесе, сатушылар POS терминал беруден бас тартады. Оның орнына кәсіпкерлер құрылғы жұмыс істемейді деп ақталып, клиенттерге мобильді нөмірге ақша аударуды ұсынады. 

Қазақстанның Салық кодексі бойынша барлық ақшалай есеп айырысулар қолма-қол ақшамен немесе банктік карталармен, бақылау-кассалық машиналардың көмегімен жүргізілуі тиіс. Банк қосымшасындағы QR коды арқылы мобильді төлемдерге де рұқсат етіледі.

Бақылау-касса машиналары қолданылмаған жағдайда айыппұлдар көзделген. Қаржы министрлігі МКК Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы Данат Кезембаев "Азаматтық бақылау" акциясы іске қосылғанын атап өтті, оның шеңберінде кез келген салық төлеуші POS-терминал арқылы төлем қабылданбаған жағдайда барлығын камераға түсіріп, бейнежазбаны тиісті органдарға жібере алады. Кейін сол деректер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу