"Ұялы телефонды бөлке нанның ішіне жасырған": Қызылордалық тұрғынның қылмысы әшкереленді

363

Түрмеде отырған азаматқа әкелінген тамақтарды тексеру барысында ұялы телефон тәркіленді.     

"Ұялы телефонды бөлке нанның ішіне жасырған": Қызылордалық тұрғынның қылмысы әшкереленді Фото: polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы салем-сауқат әкелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәлемдемені жеткізуші бөлке нанның ортасына ұялы телефон мен қуаттағышты жасырып өткізбек болған. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шақыртылып ұялы телефон тәркіленді.

Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді.

Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігімен құжаттар сотқа дайындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу