Ұялы телефонға бірлік аударғаны үшін істі болды

1014

Ұялы телефонға бірлік аударғаны үшін істі болды

Атырау қаласының тұрғыны ұялы телефонға бірлік аударғаны үшін істі болды. Енді ол 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге мәжбүр. Осы орайда, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың айтуынша, Ч.П. есімді азамат пробациялық бақылауда тұрғанымен, биыл мамыр айында облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінде қызмет істейтін аға инспектордың ұялы телефонына ақша аударған. Кейін "Бұл сізге шын көңілден", - мәтінінде хабарлама жіберіпті. 

Сөйтіп, Ч.П. өзінің бұл әрекеттерімен құқық бұзушылық жасаған. Нәтижесінде, сот қаулысымен кінәлі деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 453 800 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу