Ұялы телфондарды тіркеу тәртібі бекітілді

903

Ұялы телфондарды тіркеу тәртібі бекітілді

Елімізде ұялы телфондарды тіркеу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Atameken TV.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша республикадағы барлық  абоненттік құралдар міндетті түрде тіркеуден өтулері керек. Жеке тұлғалар үшін тіркеу тегін түрде 4 сағаттың ішінде жүргізіледі, ал заңды тұлғалардың өтінішін 8 сағат ішінде тіркейді. Ал, кәмелет жасқа толмағандардың абоненттік құралдарын заңды өкілдерінің келісімімен ғана тіркейді, ал 14 жасқа толмаған жасөсіпірімдердің заңды өкілдері өз аттарынан ғана тіркей алады.

Тіркеу немесе қайта тіркеу үшін байланыс құралының иесі қызметтің автоматтық онлайн жүйесіне жүгіне алады, сондай-ақ смс арқылы  немесе байланыс операторының кеңсесіне бару керек. Ол үшін  жеке куәлік нөмірі мен ұялы телефонның сәйкестендіру коды және телефонда қолданылатын абоненттік нөмір болуы шарт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу