"Ұят болды": Роза Рымбаеваның Ақтаудағы концертінде қызық жағдай орын алды

17041

Әншінің бұл концертіне 50-ге жуық қала тұрғыны жиналған.

"Ұят болды": Роза Рымбаеваның Ақтаудағы концертінде қызық жағдай орын алды Фото: inbusiness.kz

Халық әртісі Роза Рымбаева дауылды желге қарамастан Ақтау қаласында сахнада концерт берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әншінің концерті 14 Наурызда қаладағы 15-ші шағын ауданда жоспарланған болатын. Алайда, бұл күні құтқару қызметі Маңғыстау облысының барлық тұрғындарына секундына 20 метрге дейін дауылды жел туралы ескерту жіберді. Ауа-райына қарамастан, әнші концертті тоқтатпай, жиналған көрермендердің алдында өнер көрсетті.

"Біз концерттен бас тартқымыз келді, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді бас тартты. Ақтау тұрғындары әрдайым мықты болған, олар бұл қаланы ыстықта, қатты суықта, қатты желде және сусыз жалаңаш дала арасында салған. Сондықтан бұл концерт Ақтау тұрғындарына құрмет", - деп концертті ұйымдастырушылар әншінің сөзін жеткізді.

Inaktau.kz басылым хабарлағандай, Рымбаеваның бұл концертіне 50-ге жуық қала тұрғыны жиналған.

"Роза татемізден ұят болды", - деп жазды қолданушылар видеоның астына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу