Уылдырықтың бәрі өндіріске кетіп жатыр ма?

1302

Балық өндірісі былтырғыдан 3 есе өскен. 

Уылдырықтың бәрі өндіріске кетіп жатыр ма?

Пандемия өршіп, карантиндік шектеулер мұнай-газ саласын тежеген тұста Батыс өңірлер консервтегі балық пен уылдырық өндірісін арттырған. Еnergyprom.kz сайты Атырау облысының тіпті рекордтық межелердің мұртын бұзғанын жазады.

"Қаңтар-шілде айларында балық өнімдері мен уылдырықтың, уылдырық алмастырушы өнімдердің өндірісі 15,6 мың тоннаға жетті. Бұл былтырғыдан 3,1 есе көп. Оның үштен екісі, 64,2%-і Атырау облысына тиесілі. 6 айда 10 мың тонна өнім алған. Бұл былтырғы көрсеткішінен 40,6 есе артық. 2 мың тонна өнім алған Батыс Қазақстан облысы екінші орында тұрса, 1,8 мың тонна өнім шығарған Түркістан облысы үшінші орында", деп жазады аналитикалық портал.

Осыншама өнімді ақшаға шақсақ, 13,6 млрд теңгенің өнімі өңделген екен. Сөйте тұра жергілікті ошақтар елдің балық өнімдеріне деген ішкі сұранысын 62,6%-ға ғана қанағаттандырған. Яғни, жарты жылда тұтынылған  балық өнімдерінің 37,4%-ы сырттан әкелінген.

"Қазақстан нарығына 25,1 мың тонна балық өнімдері импортталған. Бұл былтырғыдан 9% көп. Ал балық өңдеуші кәсіпорындар 11,3 мың тонна өнім экспорттаған. Бұл былтырғыдан 19,7% аз. Тамыз айында теңіз өнімдері 12,4% қымбаттады. Әсіресе Қызылорда (18%), Павлодар (16,3%), Қарағанды (15,9%) облыстарында ерекше қымбаттау байқалған. Мұздатылған балық 14,1%, тоңазытылған балық 13%, тұздалған және қақталған балық 9,9%, жеңсік консервтер 11,1%, қалыпты консервтер 10,5% қымбаттаған", - деп жазады Еnergyprom.kz.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу