"Ұзақ ем қажет": Дәрігерлер өрттен зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты

415

Ақтөбе облысындағы Жаңажол кенорнындағы өрттен зардап шеккен екі жұмысшының біреуі Астада, біреуі - Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында ем алуда.

"Ұзақ ем қажет": Дәрігерлер өрттен зардап шеккен жұмысшылардың  жағдайы туралы айтты Фото: ашық дереккөз

"Астанаға санитарлық авиациямен жеткізілген үшінші пациенттің жағдайы- ауыр. Бірақ, біртіндеп жағдайы жақсарып, беті бері  қарайды деген болжамымыз бар.  Ұзақ ем қажет,теріні ауыстыру секілді ем-шара да қажет болады. 

Ал Ақтөбедегі пациентке келсек, денесінің 30-25 пайызын күйік шалған. Басы, беті, мойны, аяқ-қолы, жамбасы күйген. Ауыр халде түсіп, 10 күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір  палатаға ауыстырдық. Жағдайы бірқалыпты, Астанамен телемедицина арқылы комбустиологтармен байланысқа шығып, ем жасап жатырмыз", деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Бұған дейін Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде болған өртте зардап шеккен екі жұмысшы қайтыс болғанын жазған едік. 51 мен 56 жастағы марқұмдардың денесі ұшақпен бүгін Ақтөбеге жеткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу