Ұзақ сақталатын тауарларға сұраныс артқан

1002

Қазақстанда төтенше жағдайға дейін қарақұмыққа сұраныс төмен болатын.  

Ұзақ сақталатын тауарларға сұраныс артқан

Карантин жарияланғалы елімізде ұзақ сақталатын азық-түлік түрлеріне сұраныс артты. Әсіресе қарақұмыққа. Бұған дейін қазақстандықтар Ресей халқымен салыстырғанда аталған азық-түлік түрін үш немесе бес есе аз тұтынатын. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

"Карантин кезінде ұзақ сақталатын күріш, қарақұмық сынды тауарларға сұраныс артты. Бұрын көп тұтынбайтын болғандықтан қарақұмық жармасы көп егілмеген еді. Сондықтан оның тапшылығы байқалады.  Қорымызда 350 тонна жарма болған. Әдетте халық айына осындай көлемде қарақұмық сатып алатын. Енді қорды аштық. Қаладағы барлық сауда орталықтары мен дүкен сөрелерінде ертеңнен бастап қарақұмық тұрады. Оның бағасы 310 теңгенің төңірегінде болады", – деді Еркебұлан Оразалин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу