Ұзақ уақыт бойы рұқсат құжаттарын ала алмаған инвесторға прокуратура көмектесті

335

Елордада жеке білім беру мектебінің құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды.  

Ұзақ уақыт бойы рұқсат құжаттарын ала алмаған инвесторға прокуратура көмектесті Фото: Inbusiness.kz

Мектеп 900 оқушыға және 100 мектепке дейінгі орынға қарастырылған, жалпы инвестиция көлемі 4,5 млрд теңге.

Бұл ретте инвестор ұзақ уақыт бойы рұқсат құжаттарын ала алмаған.

Уәкілетті орган оларды беруден бірнеше рет бас тартқан. Оқу-ағарту министрлігіне тапсырма, кәсіпкермен өткізілген кездесулер және прокуратураның Фронт-кеңсесінің жұмысында әзірленген шешімдер инвесторға көмектесті.

Бүгінгі таңда кәсіпкерге қажетті құжаттар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу