"Ұзақ жылдар бойы ауырды": Нұрсұлтан Назарбаев марқұм Болат жайлы айтып берді

1094

Назарбаев қолдау білдірген барша жанға алғыс айтты.

"Ұзақ жылдар бойы ауырды": Нұрсұлтан Назарбаев марқұм Болат жайлы айтып берді Фото: nur.kz

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына орай көңіл айтып, қолдау білдірген қазақстандықтарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді", деді Назарбаев.

Сондай-ақ, ол жақын адамнан айырылу оңай емес екенін айтты.

"Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді.

Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті.

Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын.

Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу