Үздік 3 банктегі топ-менеджерлердің жиынтық сыйақысы 7 млрд теңгеден асқан

637

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда еңбекақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша Қазақстандағы банктердің жиынтық шығысы 287,3 млрд теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Үздік 3 банктегі топ-менеджерлердің жиынтық сыйақысы 7 млрд теңгеден асқан

Биыл 7 айда екінші деңгейлі банктердің еңбекақы төлеу және міндетті аударымдарға жұмсалған шығыны – 183,3 млрд теңге, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 13,7%-ға артық.

2020 жылғы атқарушы орган мүшелерінің жиынтық сыйақы мөлшері туралы ақпаратты елдегі екінші деңгейлі 23 банктің 14-і ғана Қазақстан қор биржасына (kase.kz) орналастырған. 14 банктің тоғызы 2019 жылмен салыстырғанда атқарушы орган мүшелері үшін сыйақы мөлшерін ұлғайтқан.

ForteBank топ-менеджерлерге бонустардың ең үлкен көлемін ұсынған: 2,39 млрд теңге, 2019 жылмен салыстырғанда 9,9%-ға артық. Кейін Сбербанк тұр: 2,36 млрд тг, 2019 жылмен салыстырғанда өсім – 25,8%. Сыйақының едәуір көлемін Halyk Bank (2,33 млрд теңге), Альфа-Банк (1,23 млрд теңге) және Bank RBK (854,4 млн теңге) топ-менеджерлерге бөлген.

Сондай-ақ Альфа-Банк және Bank RBK төленген сыйақының ең үлкен жылдық өсімін көрсетті – 46,6% және 33,1%.

Топ-менеджерлерге бонус беруді қысқартқан 5 банктің ішінде көрсеткіштің ең елеулі төмендеуі Хоум Кредит Банкі (бірден 2 есе, 618,6 млн теңге) және Kaspi Bank-те (45,6%, 261,3 млн теңге) тіркелді.

2020 жылғы қорытынды бойынша АТФБанк пен Нұрбанк шығынға батқан. АТФБанк атқарушы органы мүшелерінің жиынтық сыйақысы 285,4 млн теңге (бір жылда плюс 17,2%), Нұрбанк – 94,8 млн теңге (бір жылда минус 8,4%) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу