Үздік 30 жоба қаржыландырылады

923

7 шілдеде ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Зерен-2019" республикалық танымдық жастар жазғы лагеріне барды. 

Үздік 30 жоба қаржыландырылады

Министр бірінші ауысымның қатысушыларымен сөйлесіп, жас кәсіпкерлердің бизнес-идеяларымен танысты, деп хабарлайды egemen.kz.

"Лагерьдегі қарқынды білім алу күндері өз жолдарыңызды табуға және өз-өздеріңізге деген сенімдеріңізді арттыруға көмектеседі. "Зерен-2019" ойларыңыздан шығып, жаңа жобалар мен бастамаларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін",– деді Дәурен Абаев жастармен кездесуде.  

Лагерьге 50-ден астам қазақстандық және халықаралық сарапшы жиналды. 

Лагерь қатысушылары білім үдерісіне және менторлармен бірге істелетін жұмыстарға толық жұмылдырылған, олардың әр күні, сағаттарына дейін жоспарланған. Жастардың білім алатын негізгі бағыттары: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа салалары.

12 ментор жобалық 36 команданың стартап-жобаларын әзірлеп, бастау алуына көмектеседі. Қазір командалар нарықты алдын ала зерттеп, нақты бизнес үлгілерді құруда. 

"Зерен-2019" жазғы лагерінің үш ауысымында 18 - 29 жас аралығындағы 600 қатысушы білім алатын болады. Лагерьдің үш ауысымына іріктеу 27  мамыр және 30 маусым  аралығында  www.zerencamp.kz сайтында өтті. 

Лагерьдегі үш ауысымның қорытындысы бойынша үздік 30 жоба қаржыландырылады. Жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге.

Жобаны ҚР ақпарат  және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен Қазақстанда Жастар жылын өткізуге қатысты Жол картасы шеңберінде Қазақстан Азаматтық Альянсы жүзеге асыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу