Үздік әлеуметтік жобалар байқауына дауыс беру уақыты ұзартылды

892

Үздік әлеуметтік жобалар байқауына дауыс беру уақыты ұзартылды

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында бесінші мерейтойлық "Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар" республикалық көрмесі өтеді, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты. 

Көрме нәтижесінде жылдың үздік әлеуметтік жобалары анықталатын болады. Келіп түскен көптеген өтініштер негізінде, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған байқауға дауыс беру уақытын 20 қыркүйек сағ. 12:00-ге дейін ұзартты. Онлайн-дауыстар негізінде Қазақстан бойынша үздік 3 әлеуметтік жоба анықталады.

Дауыс берудің соңғы дерегіне сай келесі жобалар бәрінен бұрын қоғам назарына ілігіп отыр: "Жить вопреки" 5087 дауыс (Ақмола облысы), "Мүмкіндігі шектеулі жастарды қолайлы спорт түрімен айналысуға баулу" 5031 дауыс  (Алматы облысы), "Ержүрек жандардың игі ісі" 2647 дауыс (Қарағанды облысы).
Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды. Олардың барлығы Астанада өтетін Республикалық көрмеде таныстырылады.
Көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер бірлестіктері, жеке тұлғалар қатысады.
Аталған шараның мақсаты – қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.
Жалпы соңғы 5 жылда Үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш қабылданып, 114 әлеуметтік жоба жеңімпаз деп танылды.
Тиісті уақыт аралығында байқауға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен қаражат түрінде қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірлердегі қиын жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам азамат дер кезінде көмек алды.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған шараға барлық азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу