"Үздік ауыл әкімі" анықталды

"Үздік ауыл әкімі" анықталды

19 Қазан 2021 17:21 306

«Үздік ауыл әкімі» анықталды
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"...Биыл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екінші мәрте ұйымдастырған конкурс 15 қазанда аяқталды.

Конкурсқа қатысу үшін еліміздің он төрт облысынан жүзден астам ауылдық округ әкімдері өтінім берген. Облыстардың арасында Түркістан облысынан – 21 әкім, Батыс Қазақстан облысынан – 15 әкім және Жамбыл облысынан – 14 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты.

Алайда үздік атануға ат салысқан үміткерлер арасында Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл өңірлік және республикалық деңгейлерде ең көп балл жинап, көзге түсті. А. Жамбыл осы ауданда туып өскен, мамандығы бойынша мұғалім. Қызметтік жолын Тасқала ауданында бастаған ол, 2019 жылы мемлекеттік қызметке орналасқан. Конкурстың республикалық кезеңінде ол ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы кооперативтерін жүзеге асыру арқылы қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған жобасын қорғады.

Бұдан бөлек, екінші орынды Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев және Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Абдикадир Сикимбаев бөліссе, үшінші орынды Павлодар облысы Железин ауданы Башмачин ауылдық округінің әкімі Меруерт Мадагулова мен Алматы облысы Панфилов ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айдар Исаев өзара бөлісті.

Сондай-ақ Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімі Нуржан Сеитов – "Үздік шаруашыл әкім", Ақмола облысы Степногорск қаласы Ақсу кентінің әкімі Марат Смағұлов – "Ашық әкім", Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі Қанат Ниетқұлов – "Үздік әлеуметтік жоба" номинацияларының иегерлері атанды", – деп жазды Агенттіктің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен.

Конкурс жеңімпазы "Үздік ауыл әкімі" статуэткасымен, сондай-ақ әр түрлі номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталады.

Ұқсас материалдар:

esquire-salyk-tolemeu-ushin-tanymal-brendter-tonnalagan-kiim-keshekterin-orteude

kr-iidm-kurylys-zhane-tksh-isteri-komiteti-toragasynyn-orynbasary-tagajyndaldy

auyldyk-zherler-sumen-zhabdyktau-kyzmetimen-100-kamtylady

kerekudin-as-ta-tok-kartoby-bagany-turaktandyra-ala-ma

kytaj-europa-kytaj-bagyty-bojynsha-zhuk-tasymaly-41-artty

загрузка

×