"Үздік ғылыми қызметкер" 5 млн 834 мың теңге сыйақы алады

1069

Бұл туралы сенаттың бірінші оқылымында мақұлданған ғылым жөніндегі заң жобасында жазылған. 

"Үздік ғылыми қызметкер" 5 млн 834 мың теңге сыйақы алады

"Заң жобасында бірнеше жаңалық қаралған. Солардың ішіндегі ең маңыздысының бірі – үздік ғалымдарға "Үздік ғылыми қызметкер" атағымен қоса 2 мың АЕК көлемінде ынталандыру сыйақысы тағайындалады. Заң жобасына қолдау көрсеткен үкіметке алғыс айтамыз. Аталған сыйақының көлемі 5 млн 834 мың теңгені құрайды. Бұл қолдау ғылым саласына жастардың қызығушылығын арттырып, осы салада ізденісте жүрген ғылыми қызметкерлердің бәсекелестігін арттырады. Заң жобасына сәйкес, сыйақыны беру ережесін жүзеге асыру – уәкілетті органға жүктелген" – деді депутат Әлімжан Құртаев. 

Өз кезегінде білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова сыйақыны жылына 50 ғылыми қызметкерге тағайындау жоспарланғанын жеткізді.
"Бүгінгі күні осы сыйақы бойынша ғалымдарға қойылатын нақты талаптарды айқындау жұмысы жүріп жатыр. Бірнеше ұсыныс келді. Бұл ретте ашықтықты қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында тұр. Оны айқындайтын комиссия құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, тәуелсіз бақылаушылар кіреді",– деді вице-министр.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу