"Үздік педагогті" анықтау комиссиясының жұмысы басталды

597

Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады. 

"Үздік педагогті" анықтау комиссиясының  жұмысы басталды

Биыл "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берген. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35, деп жазады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Үздік педагог" атағының иегерлерін таңдау үшін Конкурстық комиссияның құрамы бекітілді.  

9 жыл ішінде "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу