Үздік судьялар мен ардагерлерге EXPO-2017 көрмесінің билетін сыйлады

649

Үздік судьялар мен ардагерлерге EXPO-2017 көрмесінің билетін сыйлады

"Астана EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің қарсаңында жұмыста үздік көрсеткіштерге ие судьялар мен қызметкерлерге аталған іс-шараны тамашалау үшін билеттер берілді, деп хабарлайды ҚР жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Мұндай шешімді "EXPO-2017" көрмесінің маңызы туралы арнайы отырыстар өткізу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының орталық кеңесі өңірлік филиалдармен бірлесіп қабылдады.

Билеттердің бір бөлігі ардагер судьяларға берілді. Көрменің барлық билеттері Судьялар одағының қаражатына алынған. Көрмеге барлығы 167 адам келеді. Олардың ішінде 125-і - қызметтегі, 39-ы - отставкадағы судьялар және үшеуі кеңсе қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу