Тимофей Муравьев East Drone Race-2024 республикалық FPV-дрон жарысы байқауында бірінші орын иеленді. Қазақстанның ең жылдам Woop-ұшқышы атағы үшін Астана, Алматы, Абай, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан келген 12 адам күресті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшқыштардың міндеті – тинивуппен (кішкентай квадрокоптерлермен) элементтерді өткізбестен мүмкіндігінше тез ұшу. Бұған белгілі бір уақыт бөлінді. Әрбір ұшқыштың өзінің квадрокоптері және барлық қажетті жабдықтары болуы керек.
Жарыста бірінші орынды 11 жасар қарағандылық Тимофей Муравьев иеленді.
– Ұлым екеуміз бірге жарысқа қатысып, команданы NSP KazGeoScan деп атадық. Тимофей бар күш-жігерін жинап, жеңіске жете алды, ал мен толқып, соның кесірінен бесінші орынға тұрақтадым. Басты қарсыластар алматылықтар болды. Жалпы, жарыстар өте жақсы ұйымдастырылды. Ұшуға ыңғайлы кешен құрылған. Мұндай сапарлар өте қажет. Олар спортшының мүмкіндіктерін, оның күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. Демеушілерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз, – дейді жеңімпаздың әкесі Сергей Муравьев.
Қазіргі уақытта Тимофей мен Сергей Муравьев далада белсенді жаттығады және жаттығуға қолайлы бөлме іздейді. Алда олар қазақстандық және халықаралық жарыстарға қатысады.