Үздіксіз кәсіби даму барлық мұғалімнің кәсіби қызметінің құрамдас бөлігі

954

Ол - мансаптық өсу немесе жалақыны көтеру үшін міндетті болуы мүмкін. 

Үздіксіз кәсіби даму барлық мұғалімнің кәсіби қызметінің құрамдас бөлігі Фото: Егемен Қазақстан

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің телеграм арнасында "Education at a Glance 2022" білім беру көрсеткіштері туралы баяндамаға қатысты ақпарат жаиялады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Білім туралы аналитикамен бөлісуді жалғастырамын. Осыдан бірнеше күн бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жыл сайынғы "Education at a Glance 2022" білім беру көрсеткіштері туралы баяндамасын жариялады", деп жазды Асхат Аймағамбетов. 

Ол баяндамадағы мұғалімдер мен мектеп директорларының кәсіби дайындығы туралы мәселеге назар аударған. Кәсіби дайындық мақсатындағы оқыту ұзақтығы бастауыш және орта мектеп мұғалімдері үшін бірдей, бірақ мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін қысқа.

"Негізгі орта мектептерде жалпы білім беретін пәндердің білікті мұғалімі болу үшін кейбір елдерде сынақ мерзімінен сәтті өту қажет. Көптеген елде жалпы білім беретін мұғалімдер үшін үздіксіз кәсіби даму міндетті. Үздіксіз кәсіби даму барлық мұғалім үшін кәсіби қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде, мансаптық өсу немесе жалақыны көтеру үшін міндетті болуы мүмкін", деген пікірде Асхат Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрінің дерегінше,  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы үшін қажетті міндетті шараларды мұғалімдер мен директорлардың өздері шешеді. Ал орталық/мемлекеттік білім беру органдары мектеп директорларының міндетті үздіксіз біліктілігін арттыру бойынша шешімдер қабылдауға жиі қатысады екен.

"ЭЫДҰ елдерінде міндетті кәсіби даму бағдарламаларының мазмұны көбінесе оқытумен байланысты міндеттерді қамтиды. Атап айтқанда, курс бағдарламасы оқыту әдістерін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған әдістер, АКТ дағдыларын дамыту және т.б. кіреді", деп жазады Оқу-ағарту министрі.

Оның мәліметіне сәйкес, аталған ұйымға кіретін елдерде біліктілікті дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік білім беру органдары мен тиісті ұйымдарды, сондай-ақ жеке ұйымдар мен университеттерді қоса алғанда, бірнеше провайдер түрлері ұсынады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу