Үздіктерге миллион теңге беріледі - Қызылорда облысы

920

Үздіктерге миллион теңге беріледі - Қызылорда облысы

Қызылорда облысының әкімі өңірдің әр ауданы және Қызылорда қаласы бойынша үздік кәсіпкерлерді, облыс бойынша бір үздік ауыл әкімін мен бір жауапты бекітілген тұлғаны, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының аудандағы 1 филиалын 1 млн теңгеден қаржылай сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

"Өткен айда кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне қатысты аудандарды аралау сапарымызды бітірдік. Бұл шараның өзге сапарлардан ерекше айырмашылығы бар", - деген палата басшысы бұл жайтты былайша түсіндіріп берді.  

Айта кету керек, биылғы жыл біздің облыста "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы" болып бекітілді. Саланы дамыту үшін жергілікті атқарушы орган тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Осы ретте, облыс басшысы әкімдікке қарасты барлық лауазымды тұлғаларды (облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары) ауданға, тіпті ауылға жауапты ретінде бекітіп, тоқсан сайын кеңейтілген жиында сол ауылда, ауданда кәсіпкерліктің даму көрсеткіші, ұсынылған, қаржыландырылған жобалар, тіпті жауапты лауазымды тұлғаның саланы дамыту үшін нақты қабылдаған шаралары туралы есеп алып отыр. Ал бекітілген мемлекеттік қызметкерлер ауданды, ауылды аралап, әкімдерімен байланысып, жобаларды қорғауға қатысып, белсенділік танытуда.

Палата директоры жағымды жаңалықпен де бөлісті. Облыс әкімі облысымыздың әр ауданы және Қызылорда қаласы бойынша үздік кәсіпкерлерді, облыс бойынша бір үздік ауыл әкімін және бір жауапты бекітілген тұлғаны, сондай-ақ палатаның аудандағы 1 филиалын 1 млн теңгеден қаржылай сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылдады. Нәтижесі жыл соңында белгілі болатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу