Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы тәліптермен қосылып террористермен күреспек

244

ҰҚШҰ-да терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша Ауғанстан билігімен неғұрлым нақты диалог құру қажеттілігі туралы пікір басым.  

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы тәліптермен қосылып террористермен күреспек Фото: РИА Новости

Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров ҰҚШҰ елдері Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz сайты. 

"Мен Ауғанстан аумағынан келетін қауіптерге назар аударуды алға тарттым.  Онда ИШИМ, "Әл-Қаида" мен олармен аффилиирленген құрылымдардың ізі бар, тіпті, жауынгерлік қабілеті жеткілікті отрядтар сақталған. Талибан Үкіметі осы террористік топтармен күресіп жатыр. Біз бұл күреске көмек көрсету өте маңызды деп санаймыз, — деді Лавров. - Жалпы, біз елді іс жүзінде бақылайтын Талибан Үкіметімен нақты диалог жобаларын іске асыруға неғұрлым тұрақты, пәндік бағытталған диалогты жолға қоюды жақтаймыз. Бұл пікірталас барысында басым пікір болды".

Ол сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарындағы жағдайға түсініктеме берді, ондағы проблемалар "бірқатар қақтығыстардың, ең алдымен Палестина-Израиль қақтығысындағы жағдайдың реттелмеуінен туындайды".

"Бұл процестердің бір ұшы іргелес аумақтарға тиетіні анық, террористтер Еуропа бағытында, көршілерімізге, ең алдымен Орталық Азия мен Кавказға қарай жылжиды, сондықтан біз бұл бағытты мұқият қадағалап, Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімдері негізінде жағдайды тұрақтандыруға, оны саяси шешімдерге аударуға үлес қосуға тырысамыз", - деп қорытындылады Лавров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу