Ұзынағаштық ағайындылар ұрланған мылтықпен атып өлтірілген

1278

Ұзынағаштық ағайындылар ұрланған мылтықпен атып өлтірілген

Қылмыскерлер Ұзынағаштағы үш ағайындыны ұрланған мылтықпен атып өлтірген.

Алматы облысы прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокуроры Әлібек Мырзабековтың мәлімдеуінше,  мылтықты иесі 2 ай бұрын жоғалтқан.

Қазіргі таңда Алматы облысында қару-жарақ тонау фактілері жиілеп отыр. 200-ден астам қару-жарақ ұрланған қару тізімінде тұр. Облыстық прокуратура қызметкерлері олардың ешқайсысы табылмағанын айтады.

Негізінен қаруды жеке тұрғын үйлерден кейде сейфтерімен қоса қолды қылады. Ұрланған қару тек қылмыс жасалғанда ғана әшкереленіп жатады. Қазіргі таңда Алматы облысы тұрғындарының қолында 24 мың бірлік қару ресми тіркеуде тұр.

Алматы облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының аға прокурорының айтуынша, кез келген азамат облыс арасында көшіп-қонған жағдайда тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына барып, қаруын тіркетуі тиіс. Сондай-ақ, күзет агенттіктерімен арнайы келісім шартқа отыру керек. Сол кезде жоғалған қаруды жылдам анықтауға мүмкіндік туады.

aikyn.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу