720 шақырымдық "Жезқазған-Қызылорда" автожолының құрылысы биыл басталады

1141

Құрылыс 2025 жылы аяқталуға тиіс

720 шақырымдық "Жезқазған-Қызылорда" автожолының құрылысы биыл басталады Фото: kolesa.kz

Биыл "Қарағанды-Балқаш" жолында 4 жолақ бойынша қозғалысты іске қосу жоспарлануда. "Балқаш-Бурылбайтал" жолын қайта жаңарту жалғасады. Ол да төрт жолақты болады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде өңір әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өткен жылы өңірде республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда 1300 шақырым жол төсемі ретке келтірілді. Биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарының көлемі артты.

"Биыл 1500 шақырым автожол жөнделеді. Өткен жылы "Теміртау-Қарағанды", "Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналма жолдары" автобандары бойынша жол толығымен қолданысқа берілді. Осы жылдың шілде айына дейін бұл екі жол толығымен абаттандырылады: жарықпен, қоршаумен, белгілеумен және белгілермен қамтамасыз етіледі. Біз үшін ұзындығы 720 шақырым "Жезқазған-Қызылорда" автожолының құрылысы маңызды болып табылады. Мамыр айында ЖСҚ аяқталады. "Нұрлы жол" бағдарламасының жаңа бесжылдығы аясында биыл жол құрылысына кірісу жоспарланып отыр. Ол 2025 жылы аяқталуға тиіс", – дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, бұдан басқа, "Қарағанды-Жезқазған" жолын жобалау басталмақ. Сондай-ақ "Қарағанды-Павлодар" және "Қарағанды-Қарқаралы" республикалық жолдарын қайта жаңарту да жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу