Бакудегі IV Ислам ынтымақтастық ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Әзербайжан эстафетаны Түркияға тапсырды, деп хабарлайды dodasport.kz.
Ислам ойындары спорттық федерациясының бас хатшысы Файсал Абдулазиз әл-Нассар Ислам ынтымақтастық ойындарының өкілі, Түркияның Жастар және спорт министрінің орынбасары Камуран Өзденге туды табыс етті.
Еске сала кетсек, Әзербайжан астанасы Баку қаласында 12-22 мамыр аралығында IV Ислам ынтымақтастық ойындары өткізілді. Қазақстан атынан Ойындарға 5 спорт түрі бойынша 32 спортшы қатысты. Олар бокс, дзюдо, таеквондо WTF, еркін және әйелдер күресінен ел намысын қорғады.
Спортшыларымыз 19 медальмен (2 алтын, 5 күміс, 12 қола) жалпы есепте 14-ші орын алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу