Ресей Украинадағы қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге дайын. Сондай-ақ Владимир Путин:
"Қытайдың бұл соғыстың шынайы тарихы мен себебін зерттеп, барынша дұрыс позиция ұстанып, қақтығысты реттеуде конструктивті роль ойнауға дайындығын қабылдаймыз" деді.
Ал Пекин ұстанған "жаһандық қауіпсіздік саласындағы бастаманы да қолдаймыз. Өйткені ол Мәскеудің тәсілдерімен ұқсас,- дейді. Айта кетейік, таяуда Қытай төрағасы ресми сапармен Ресейге бармақ. Соның қарсаңында Владимир Путин "Жэньминь Жибао" газетіне сұхбат беріп, "Ресей және Қытай - келешекке көз тіккен әріптестік" атты мақаланы Кремльдің ресми сайтында жариялаған.