Вацлав Циолковски мемориалы: қоржында қола медаль

626

Варшавада еркін күрестен Вацлав Циолковски мемориалы жалғасуда.  

Вацлав Циолковски мемориалы: қоржында қола медаль

Бірінші жарыс күнінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали қола медаль үшін күресте македониялық Магомедгаджи Нуровты жеңді. 

Осы салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Серік Бақытханов 7-орын алса, 70 келіде бақ сынаған Талғат Сырбаз жарысты алғашқы бестікте аяқтады. 

Бүгін турнирдің екінші жарыс күні өтеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу