Вадим Басин "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментін басқаратын болады

360

Бүгінде ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып жүр.

Вадим Басин "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментін басқаратын болады Фото: gov.kz

Вадим Басин "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің басшылығына келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу барысында Вадим Басинге кәсіпорынды басқаруды тапсыратынын мәлімдеген болатын.

Вадим Басин 1962 жылы дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 1985 жылы "Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру" мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1990 жылы "Өнеркәсіптік электроника" мамандығы бойынша Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын аяқтады.

Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. Қарағанды металлургия комбинатында аглоцехтің инженер-электригі, аглоцех бастығының электр өңдеу жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2003 жылы "Испат-Кармет" АҚ бас энергетигі болды.

2011 жылдан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Басқарма дирекциясының жөндеу жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2013 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары, кейін осы компанияның басқару дирекциясының өндіріс жөніндегі директоры болып тағайындалды.

2017 жылдан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу