Вадим Басин QARMET компаниясының бас директоры болып тағайындалды

392

Жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр.

Вадим Басин QARMET компаниясының бас директоры болып тағайындалды Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда компания ұжымымен кездесуде Qazaqstan Steel Group акционері Андрей Лаврентьевті таныстырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда және Қарағанды облысында танымал кәсіпкер "АрселорМиттал Теміртау" активтерін сатып алды.

"Әрине, жаңа басшының алдында маңызды міндеттер тұр. Бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлерге жағдай жасап, әл-ауқатын арттыру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жобалар арқылы жергілікті қоғамдастықты дамытуға белсенді қатысып, көмек көрсету керек", – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесуде Андрей Лаврентьев Вадим Басинді QARMET компаниясының бас директоры ретінде таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпорынды Андрей Лаврентьев сатып алғанын жариялаған болатын.

Қазақстандық кәсіпкер активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 млрд доллары алдағы жылы инвестицияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу