"Вагнер" әскері Бахмуттағы позицияларынан кері шегінетін болды

627

Жалдамалы бөлімшелердің кері шегінуіне оқ-дәрілердің жетіспеушілігі мен адам шығынының артуы себеп болған.  

"Вагнер" әскері Бахмуттағы позицияларынан кері шегінетін болды Фото: Силовой блок

"Вагнер" тобының жетекшісі Евгений Пригожин оқ-дәрілер мен сарбаздардың жетіспеуіне байланысты келесі сәрсенбіде Донецк облысының шығысындағы Украинаның Бахмут қаласынан бөлімшелерін шығаратынын ескерті, деп жазады inbusiness.kz.

Telegram-да жариялаған видеода Пригожин "Вагнер" жауынгерлері мен олардың қолбасшылығының атынан 2023 жылдың 10 мамырында жалдамалы сарбаздар Бахмут қаласындағы позицияларды Қорғаныс министрлігінің бөлімшелеріне тапсыруға және оларды тылға ауыстыруға мәжбүр екенін мәлімдеді.

"Мен Вагнер тобының бөлімшелерін Бахмуттан шығарамын, өйткені оқ-дәрілері жоқ сарбаздарды ұрысқа жіберу оларды өлімге қиюмен тең", - деп атап өтті ол "Бас штабтың бастығы Валерий Герасимовқа, Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға, Жоғарғы Бас қолбасшы Владимир Путинге және Ресей халқына" жолдаған хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу