Вагон алуға зейнетақы қорындағы 184 млрд теңге жұмсалады

304

Қаражатқа жолаушыларды тасымалдайтын 100 және жүк тасымалдайтын 300 мың вагон алынады.  

Вагон алуға зейнетақы қорындағы 184 млрд теңге жұмсалады Фото: railways.kz

Бұл туралы Мәжіліс қабырғасында Көлік министрі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Марат Қарабаевтың мәліметінше, сатып алынатын вагондар Петропавлда жасалады. Сондай-ақ, жүк вагондарын Екібастұздағы компаниядан алу жоспарланған. Министр халық арасында қызу талқыланған мәселеге нүкте қойып, зейнетақы қаржысының қайтарылатынына мемлекет кепілдік беретінін айтты.

"Зейнетақы қорындағы қаржы, сол жаққа қаржысын салған кісілерге ол міндетті пайда әкелу керек. Бұл ретте бірінші мәселе халықтың сол жақтағы ақшасы елге, жұртқа пайда әкеледі. Өйткені бұл нарықтық пайызбен алынған ақша, яғни "Бәйтерекке" жеңілдетілген ақша берілген емес. Екіншіден, басқарушы холдинг мемлекеттің меншігінде. Сондықтан ол ақшаны қайта қорға айналып келіп түсуіне мемлекет толық кепілдік береді", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу