Қазақстан "Тұлпарды" кімге сатады

858

Вагон құрайтын "Тұлпар" зауытын сатуда ресейлік компанияға басымдық берілгені рас па? Бұқаралық ақпарат құралдарында желдей есіп жүрген осы сұрақ бүгін ОКҚ алаңында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Динара Щегловаға қойылды. 

Қазақстан "Тұлпарды" кімге сатады

Ресейлік "Трансмашхолдингтен" бөлек елордадағы зауытты сатып алуға швейцариялық "Stadler Rail" компаниясы ниет білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БАҚ-та тараған ақпаратқа сенсек, "Тұлпардың" сатылуында "Трансмашхолдинг" компаниясына басымдық беріліп отыр. Тіпті осы компанияға конкурста ұтып алатындай жеңілдіктер қарастырылған. Дәл осы әңгіме бүгін Орталық коммуникациялар алаңында көтерілді.

"Шынында да, өткен жылдың ортасынан бері халықаралық конкурс өтіп жатыр. Стратегиялық әріптесті тарту көзделген. Конкурсты өткізу үшін темір жол саласында әлемдік тәжірибесі бар "Deutsche Bahn" компаниясы тартылды. Әйтсе де конкурсқа қатысушылардың бәріне ортақ талаптар қойылып отырғанын атап өту керек. Өтінімдерді бірқатар мемлекеттік органның өкілдерінен тұратын комиссия қарайды. Әлеуетті әріптестердің өтінімі қаралып бітпеді. Осыған байланысты белгілі бір конкурсанттың жеңгені туралы нақты ақпарат жоқ", - деді Динара Щеглова.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу