Вагондар мен автобустар жаңартылады

872

Бұған республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған.

Вагондар мен автобустар жаңартылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамкұлов жаңа вагондар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы болатынын айтты. 

"Жолаушылар вагондарын жаңарту мақсатында өткен жылы мемлекеттік қолдау шаралары қабылданып, 109 жолаушылар вагоны сатып алынды. Ал биылғы жылы тағы 100 жаңа вагон алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуы да қарастырылуда. Қажетті нормаларды қабылдадық. Қазіргі кезде 140 бағытта мүгедек арбасы бар 98 арнайы вагон-купе жұмыс істейді. Арнайы арба вагон ішінде еркін жүреді әрі адамдарды пойызға отырғызуға және түсіруге пайдаланылады", – деді Бейбіт Атамкұлов.

Сондай-ақ, министр сөзінде елдегі автобус парктерін де жаңартуға бюджеттен қомақы қаржы бөлінгенін айтып өтті.

"Өткен жылы жеңілдікпен несиелендіру аясында республикалық бюджеттен 23,5 млрд теңге бөлініп, отандық 648 автобус сатып алынды. Нәтижесінде автобустардың тозуы 43%-ға дейін азайды. Жалпы республикадағы автобус паркінде 10 мың автобус бар. Биыл республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлініп, жүк көліктері жаңартылады", – деп айтып өтті инфрақұрылымды дамыту министрі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу