Вагондардың рельстен шығып кетуінен "Астана-Маңғыстау" пойызы кешігуде

932

Оқиға бүгін Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы стансасында орын алды. 

Вагондардың рельстен шығып кетуінен "Астана-Маңғыстау" пойызы кешігуде

Қостанай облысында вагондардың рельстен шығып кетуі салдарынан "Астана-Маңғыстау" жолаушылар пойызы кешіктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы стансасында орын алды. 

"Бүгін сағат 06.45-те департаменттің кезекші бөліміне вагондардың рельстен шығып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Қиыршақ тас тиелген 2 вагонның апатқа ұшырауына дөңгелектерінің істен шығуы себеп болған", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш оқиға салдарынан № 37 "Астана-Маңғыстау" жолаушылар пойызы кідіріп қалды. Қазіргі уақытта Қазанбасы теміржол стансасының жұмысшылары жөндеу-қалпына келтіру шараларына жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу