Вагоннан қиыршық тас түсірмек болған жігіт мерт болды

2227

 Вагоннан қиыршық тас түсірмек болған жігіт мерт болды

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында оқыс оқиға тіркелді. Вагондағы қиыршық тасты түсірмек болған 35 жастағы азамат басынан жарақат алып, мерт болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"12 қыркүйек күні Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында вагоннан зат түсіру кезінде арнайы ашылатын люк пен дөңгелек арасына бір адам қысылып, дене жарақатынан көз жұмды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр", — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 35 жастағы ер адамның басы қысылып қалып, оны жанындағы жұмысшылар шығарып алды. Басынан ауыр жарақат алған адам сол жерде көз жұмды. Үйленген, балалары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу