Вайнерлер 5 жылға сотталуы мүмкін

388

Осы аптада Mudarabah capital атауымен қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталғандарға қатысты сот отырысы жалғасты.

Вайнерлер 5 жылға сотталуы мүмкін Фото: total.kz

Жарыссөзде прокурор пирамиданың басында тұр деп Руслан Буркановты 12 жыл, ал қылмыстық топты құрған деп айыпталған Алмас Құрманғалиевты 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қалған қатысушыларды да әртүрлі қылмыстары үшін кінәлі деп танып, оларды 8 бен 12 жыл аралығына қамауды ұсынды. Ал қаржы пирамидасының жарнамасын қыздырған қос вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа мемлекеттік айыптаушы 5 жыл сұрап отыр. Алайда, қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің бірі прокурорға наразылық білдірді. Ол алаяқтықтың барлық қатысушыларын ұзақ мерзімге жазалау керек деп санайды.

"Біреудің жазасын жеңілдетті. Біреуі ақталды. Барлығы бірдей жаза алсын. Егер мен қателеспесем, максималды мерзім – 12 жыл. Бұл олар үшін жеңіл жаза. Мен ешкімнің жазасынының жеңілдетілмеуін сұраймын", - деді жәбірленуші Бағила Досмайылова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу