Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды

5586

Сот Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарды.

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды Фото: kaztag.kz

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты. Іс бойынша бәрі 12 адам кінәлі деп танылды. 

"Компания басшысы Руслан Бурханов 12 жылға, құрылтайшысы Андрей Ча 5 жылға, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтқанда 217-бап - "қаржы пирамидасын құру және басқару", сосын 262-бап - "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару".

Вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

"Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мейірхан Шерниязов ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл жазасын өтесін", – делінген сот үкімінде.

Айта кетейік, былтыр 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу